"Әке-шешемнің ерте өлгеніне қуандым" деген Саят Медеуов ағынан жарылды

"Әке-шешемнің ерте өлгеніне қуандым" деген Саят Медеуов ағынан жарылды

QazaqAiran арнасына берген сұхбатында әнші Саят Медеуов әкесі мен шешесінің өлімі туралы сыр шертіп, "олар саясат құрбандары болды" деді деп жазады Democrat.kz.

Пандемия кезіндегі ауыр жағдайды еске алған әнші Саят Медеуов олардың жаназасында басқалар секілді қарақұрым қауымның болмағанына не себеп деген сауалға: "Айтайын десем, қорқам. Ертең сөзім бұрмаланып, "мынау әкесі мен шешесінің өліміне қуанады екен ғой" дей ме деп қорқам. 

Мен бір емес, үш рет "әкем мен шешемнің дүниеден озғанына" шүкір дедім. Дұрыс болған ба дедім. 2021 жылы өзім де ковид болып, өлдім деп ойладым. 

Сол кезде емханада жатып "әкем мен шешем менің бұлай қиналып жатып өлетінімді көрмеді ғой, жақсы болды. Менің өлгенімді көрмейтін болды"деп ойладым. 

Сосын 2022 жылы жол апатына түскенімде, "әкем мен шешем менің мына жағдаймды көрмеді ғой, тәуба" дедім. Ковид ол әлемдік саясат қой.

Сол кезде дүниеден озғандардың бәрі сол саясаттың құрбандары ғой. Әкем мен шешем жұмақтық шығар. Саясаттың құрбандары ғой..."деді. 

 

Барлық жаңалықтар