Динара Алжанға берген сұхбатында күресші Жұман Жұмабеков өмірінде орны толмас өкініші туралы айтты деп жазады Democrat.kz.
"Әкемнен кешірім сұрап үлгермедім. Әкем мені емес, мен әкемді ұрған едім. Әкемді жақсы көрем. Менің өмірге келуіме себепші кісі ғой. Оның кетіп қалатынын білгенімде, "кешір мені" деп кешірім сұрар едім. Қатты өкінемін", - дейді Жұман Жұмабеков.
Спортшының бұл өкінішіне қатысты оқырмандарының басым бөлігі "әкеңе қол көтерген болсаң, оңбайсың", "сен жақсы адам емессің", "өз ұлыңнан күт енд", "бұл өкініш емес, өлім ғой" деген сыңайда пікір жазуда.