Түркістан облысында қарт әкесін азаптады деп айыпталған тұрғынға қатысты сот процесі жүріп жатыр, деп хабарлайды Democrat.kz.
41 жастағы Алмас Садақбаев әкесінің дәрменсіз күйін пайдаланып, оны жүйелі түрде қорлаған және денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірген деген күдікке ілінген.
Іс Жетісай аудандық сотында қаралуда. Бүгін сотта куәлар жауап беріп жатыр.
Тергеу барысында қылмысты әшкерелеген бейнематериалдардың алдымен жергілікті чаттарда тарағаны, кейін ел көлемінде жария болғаны анықталды. Кадрларда айыпталушының қарт әкесіне жасаған зорлық-зомбылығы бейнеленген.
Аталған дерек қоғамда кең резонанс туғызып, құқық қорғау органдары істі жедел тергеуге алған.