"Әкесін сабап өлтірген" Алмас сотта еңіреп жылап, соңғы сөзін айтты

"Әкесін сабап өлтірген" Алмас сотта еңіреп жылап, соңғы сөзін айтты

Түркістан облысында өз әкесін сабап өлтірген Алмас Садықбаев сотта соңғы сөзін сөйлеп, еңірей жылап, кешірім сұрады деп жазады Democrat.kz. 

Сот отырысы кезінде сотталушы көз жасына ерік беріп, кінәсін толық мойындап, көпшіліктен кешірім сұрады.

“Істеген ісіме шынайы өкінемін. Өмір бойы өкініп өтемін. Бас көтеріп, жүре алмай қалдым. Жүруге де хақым жоқ. Барлық мұсылман қауымнан, қазақтардан кешірім сұраймын. Қателестім, пендешілік болды. Сыртымнан қарғамаса екен. Шыдаймын бәріне, істеген ісіме шын жүректен өкінемін. Түрмеде жатып, “өлсем бе екен?” деген ойлар келді. Осыған дейін ешкімнің ала жібін аттамадым.Сондай іс болып қалды. Түсіністікпен қарасаңыздар екен. Кешіріңіздер, жеңіл жаза беріңіздер”, – деді сотталушы.

Мұнан бөлек, ол сотта өзінің түрін мүмкін болса, көрсетпеуді де сұрады. 

"Түрімді ешкім көрмесінші. Өкінемін, өле өлгенше өкінемін. Мұсылман бауырлар кешіріңдерші. Қазақ халқы кешіріңдерші мені. Ашу үстінде болды" деп еңіреді Алмас Садықбаев. 

“Адвокат жалдауға да жағдай жоқ..Қоғамдық қорғаушы да берілмеді. Әйелім жұмыссыз, кәмелетке толмаған балалар бар. Бұрынғы отбасыма алимент төлеймін. Несием бар. Қазір “ақшаны төлеңіздер, әйтпесе үйді тартып аламыз деп хабарласып жатыр”, – деді ол.

Барлық жаңалықтар