"Әкесін сабап өлтірген" жігітке прокурор қанша жыл жаза сұрады?

"Әкесін сабап өлтірген" жігітке прокурор қанша жыл жаза сұрады?

Түркістан облысында әкесін аяусыз соққыға жықты деп айыпталған Алмас Садақбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты  Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. 

14 қаңтарда Жетісай аудандық сотында тараптардың жарыссөзі өтті. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, туған әкесіне жасаған қатыгез әрекетін түсіндірді.

Сот хатшысы мәліметінше, прокурор айыпталушыға 6 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

Сот кеңесу бөлмесіне кетті, үкім бүгін жарияланады.

Барлық жаңалықтар