"Әкесін сабап өлтірген": ҚМБД өкілі мәлімдеме жасады

"Әкесін сабап өлтірген": ҚМБД өкілі мәлімдеме жасады
Шардарада әкесіне қол көтерген тұрғын ешқашан мешітте азаншы болып жұмыс істемеген. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы және Түркістан–Ахмет Ясауи мешітінің бас имамы Ержан Төлепов ресми түсініктеме берді деп жазады Democrat.kz.
 
Әлеуметтік желілерде тараған «азамат мешіттің азаншысы» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Имамның айтуынша, ол адам дін саласына қатысы жоқ, бұрын-соңды мешітте азан айтып, ресми қызмет атқармаған.
 
Негізгі кәсібі мәдениет саласына байланысты, қосымша той жүргізушісі болған.
ҚМДБ мұндай әрекеттерді қатаң айыптап, ата-ананы құрметтеу әрбір мұсылманның басты міндеті екенін еске салды. Сондай-ақ, қоғамды, әсіресе әлеуметтік желі қолданушыларын жалған әрі тексерілмеген ақпарат таратпауға шақырды.
 
 
Барлық жаңалықтар