Әкесін сотқа берген бала жеңіске жетті

Әкесін сотқа берген бала жеңіске жетті

Байқоңырда ерекше сот ісі болды. Жігіт әкесіне қарсы алимент төлеуді талап етіп, сотқа арызданды деп жазады Democrat.kz. сайты SMARTNEWS.KZ-ке сілтеме жасап. 

 Бұл туралы Қызылорда облыстық сотының ресми Telegram-арнасы мәлімдеді. Сотқа түскен азаматтық іс бойынша ұл өз әкесінен оқу кезеңінде алимент төлеуді сұрады. Ол жоғары оқу орнында күндізгі бөлімде білім алатынын атап көрсеткен. Істі қарау барысында тараптар медиация тәртібімен келісімге келді. Келісім бойынша әкесі ұлына оқу кезеңінде ай сайын 21 АЕК мөлшерінде, яғни 82 572 теңге төлеуге міндеттелді. Сот бұл келісімді бекітіп, іс өндірісін тоқтатты.

Барлық жаңалықтар