Әкесінің мерейтойындағы видеолардың бірін жариялаған әнші Қайрат Нұртас жұрттың талқысына қалды деп жазады Democrat.kz.
Тойда сөз сөйлеп, ыстық лебізін жолдаған Қайраттың даусы мен сөйлеуінде біраз өзгеріс бары байқалады.
Видеоны көргендердің көбі әншінің ішіп алғанын, мас екенін айтуда.
Десек те, "онда тұрған не бар, Қайрат та адам ғой", "ішсе, тойда ішкен де" деп әншіні жақтап жатқандар да көп.


