Тұрсынбек Қабатовты қолдайтын кейіп танытқан экс-депутат Мөлдір Мұқанованы жақтап жазба жариялаған белгілі әнші Қарақат Әбілдинаға шүйлікті, деп жазды Democrat.kz.
«Қарақат ханым пост жазыпты ғой. Ол кісіні мүлде ондай деп ойламаппын. «Мөлдірге жаным ашиды» депті. Ол ешқандай жанашырлық емес, ол хайп қуған. «Хайпажор» деп айтуға болады. Жаны ашитын адам екінші жақтағы үш баланың анасын жерден алып, жерге салмайды. Өзі де бәйбіше емес – тоқал. Қазір ол кезде Қыдырәлі ажырасқан болды деп шығуы мүмкін. Әңгіме онда емес, бірақ өзінің де бәйбіше емес, тоқал екені анық», – деп белгілі әншінің әрекетін сынға алды.