Актер Дәурен Айдарқұлов жұрт білмейтін бүкіл құпиясын айтып, сұхбат берді

Актер Дәурен Айдарқұлов жұрт білмейтін бүкіл құпиясын айтып, сұхбат берді

Актер Дәурен Айдарқұлов танымал журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында жеке өмірі мен отбасылық мәселелер туралы сөз етті деп жазады Democrat.kz.

Актер Дәурен Айдарқұлов ә дегеннен еліміздегі ажырасу мәселесіне қатысты айтып, балаларға кішкентайынан отбасылық құндылықтар туралы айтып, мүмкін болса, шариғи және ата бабалардың жолымен тәрбие берілгені жөн дейді

Мұнан бөлек, Дәурен үшінші әйелінің иманды, діни, хиджабта болғаны жан тыныштығын бергенін айтты. "Тіпті кейде өмірім тіпті тып тыныш, бұрқанған оқиғаларсыз болып кеткені сондай, өзім бірдеңе ойлап тапсам ба деп те қалам. Десек те, өмірімде тыныштық орнады. Мұнан бөлек, алған жарым есік көрмеген қыз. Некеміз қиылғанға дейін біз бір бірімізді тірідей көрмедік. Тек мешітте ғана бір бірімізді жанды көрдік Екі ай бойы тек телефонда сөйлесіп, жазысып жүрдік" дейді актер. 

Дәурен Айдарбеков әйелінің өзінен он бес жас кіші екенін айтып, әйелі үйде, онлайн жұмыс істейтінін де тілге тиек етті.

Актер тоқалды заңдастыру тақырыбын сөз еткісі келмейтінін айтты. Сонымен қатар ол Сауд Арабиясында төрт жыл бойы өмір сүріп келгенін айтып: "Ол жақта деректі фильм түсірдік. Сол жақта жаным тыныштық тапты. "Хикмет трэвл" ұсыныс жасап, Сауд Арабиясында фотолар, видео түсіруімді өтінді. Сол жақта жүрсем, жаным тыныштық табады. Ал елге келсем, мазам қашатын еді. Былтыр ғана ішімдегі бүкіл реніш, өкпе, күйзелісті босаттым. Содан кейін ғана тынышталдым" деді. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар