Бұған дейін жеке хаттары жарияға шығып, ел алдында масқарасы шыққан актер Нұрсұлтан Жақсыген парақшасында әйеліне қатысты тағы бір сұмдықтың шетін шығарды деп жазады Democrat.kz.
Кімге не мақсатта сұхбат бергені белгісіз, әйтеуір микрофонға қарап, ақылды сөздер айтып отырған видеосын жариялаған Нұрсұлтан Жақсыген тағы да сынның астында қалды.
"Мақалдатып, аталы сөздерді төгіп" отырған актерді оқырмандары"ақылды сияқты сөйлеп отыр ғой", "адал еңбек жайлы сен айтпақшыәйеліңді сыйламайсың" дегенге саятын пікірдің біріне Нұрсұлтан Жақсыген жауап жазды.
"Адал еңбек туралы ол айтпай ақ қойсыншы. Астанада Сарайшықта не жұмыс істейтінін білмейсіңдер ғой" деген актердің сөздері көпшілікті ойландырып қойды.
"Сарайшықта әйелің немен айналысып жүргенін айтсаңшы енді" дегендерге актер ашылып, ештеңе жауап бермеді. (Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)


