Актриса Дана жеке өмірі туралы жұрт білмейтін жайттарды айтты

Актриса Дана жеке өмірі туралы жұрт білмейтін жайттарды айтты

"Өнер қырандары"тобының актрисасы, танымал әзілкеш Мадияр Серікбаевтың әйелі Дана Тұрарбек өз өміріндегі жұрт білмейтін жайттарды айтып берді деп жазады Democrat.kz.

"18 жасымда Мадиярға тұрмысқа шықтым. Біз бір топта оқыдық. Бастапқыда екеуіміз ортақ тіл табыса алмадық. 

Тіпті ұрысып, қырылысып жүретінбіз. Арамыздағы сезім кейінірек пайда болды. Біз ерте үйлендік. 

Себебі сол кезде Мадиярдың анасы ауырып жатқан еді. Сол кісі ұлының үйленгенін көрсін деген ниетпен ерте үйлендік. 

Әлі есімде, "Мадиярдың анасы сауығып кетсінші, мен ененің мектебінен ең болмаса он жылдай өтейінші" деп дұға жасағам. 

Сол дұғам қабыл болды ма, енем мен келін болғаннан кейін он алты жылдан кейін қайтыс болды" дейді Дана Тұрарбек. 

 

Барлық жаңалықтар