Актриса Гүлжамал Қазақбаева жұрт білмейтін шындығымен бөлісті

Актриса Гүлжамал Қазақбаева жұрт білмейтін шындығымен бөлісті

"Хабар" арнасының "Алғашқы" бағдарламасына қатысқан танымал актриса Гүлжамал Қазақбаева отбасылық өмірі туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Гүлжамал Қазақбаева өткен өмірі мен отбасылық жағдайларын айтты. Жолдасымен бар болғаны алты жыл ғана өмір сүргенін айтып, көзіне жас алды. 

"Жолдасыммен алты жыл ғана өмір сүрдік. Бір ұл, бір қызымыз болды. Алты жылдық отбасылық өмірімізден соң ол қайтыс болды. 

Жастай жесір қалдым. 25 жаста едім. Әрине, жас жесір болғандықтан, сөз салып, көз салғандар болды.

Бірақ екі балама өз әкесіндей бола алмас, балаларымды жәутеңдетпеймін деп бұл тақырыпты мәңгіге жауып тастадым" деді актриса. 

Барлық жаңалықтар