Тикток желісінде белгілі актриса Гүлнар Досматованың караоке залында ән айтып отырған бейнежазбасы тарады, деп жазды Democrat.kz.
Алайда жұрт актрисаның өнерінен бұрын өзіне көп назар аударған. Мәселен, оқырмандарының бірі оны Ресей эстрадасының өкілі Катя Семеноваға ұқсатқан. Бұған Досматова шамданып қалса керек: «Маған Катя Семенованы көрсетіп, суретіммен сәйкестендіріңізші, қай жеріміз ұқсайды екен» деп жауап берді.
