Қала әкімдігі алматылықтарға алдағы аптада ауаның райы күрт суытатыны туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Orda.kz.-ке сілтеме жасап.
Ауа-райын зерттейтін қызметтер хабарлағандай, күннің райы аптаның басында плюс температурадан бастап қар жауғанға дейін құбылады.
Ауа райының өзгеруі 10-нан басталады, ал 11 желтоқсанға қараған түні ауа температурасы 21 градусқа дейін төмендейді.
Жалпы мәлімет:
8 желтоқсан. Көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жауын-шашын аз болады, негізінен қар немесе мұз қиыршықтары бар қар жапалақтайды. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы: -2... -4 °С, күндіз: +2...+4 °С.
9 желтоқсан. Бұлтты, жауын-шашынсыз болады (кей жерлерде аздап қар жаууы мүмкін). Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы: -8... -10 °С, күндіз: 0...+2 °С.
10 желтоқсан. Күн бұлтты, қар жауады, кей жерлерде қатты аяз болады. Солтүстіктен 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде және күндіз ауа температурасы: -7... -9 °С, түн ортасынан кейін -18... -21 °С дейін төмендеуі күтілуде.
11 желтоқсаннан бастап жауын-шашын болмайды, ауа райы суық болады: түнде -10... -12 °С, күндіз -4... -6 °С.