Алдағы уақытта елімізде 10-15 градус аяз күтілуде

Алдағы уақытта елімізде 10-15 градус аяз күтілуде

Қазақстанда ауа райы күрт суытады: жауын-шашын, көктайғақ және боран күтіледі. 8 желтоқсанда солтүстікте 10-15 градус аяз болады, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты BAQ.KZ ке сілтеме жасап.

Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде төменгі боран күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Апта соңына қарай Новая Земля аралдары аудандарынан Қазақстанның батысына қарай арктикалық антициклон жылжиды. Ол температураның күрт төмендеуіне алып келеді.

8 желтоқсанда солтүстік-батыста 5-13 градус аяз, солтүстік өңірлерде 10-15 градус аяз болжанып отыр. Бұдан кейін ауа температурасы одан әрі төмендейді.

Барлық жаңалықтар