Александр Бублик тағы да жеңіске жетті

Александр Бублик тағы да жеңіске жетті

Теннисші Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында өткен ATP 250 санатындағы турнир чемпионы атанды,  деп хабарлайды Democrat.kz Massaget.kz сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, финалда Бублик әлемдік рейтингте 100-орында тұрған француз Артур Казоны 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Финалдағы жеңістен кейін Александр ATP Live рейтингінде 5 сатыға жоғарылап, 25-орынға көтерілді.

Бұл Бубликтің 2025 жылғы маусымдағы үшінші жеңісі және мансабындағы жетінші ATP титулы. Ол бұған дейін мына турнирлерде топ жарған:

ATP 250 Монпелье (2022)

ATP 500 Галле (2023)

ATP 250 Антверпен (2023)

ATP 250 Монпелье (2024)

ATP 500 Галле (2025)

ATP 250 Гштаад (2025)

Барлық жаңалықтар