Әлеуметтік желіде Нұрзат есімді желі қолданушы әлем чемпионы, боксшы Айдос Ербосынұлының заңға қайшы әрекеттері туралы жазба жариялап, қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Threads желісінде nurzat атымен тіркелген желі қолданушы бокстан әлем чемпионы Айдос Ербосынұлының өз балаларына алиментты көп төлемеу үшін жалған анықтама жасатып алғанын мәлімдеді.
"Әлем чемпионы! Знайте героя в лицо! Жалған справка жасатып, алиментты 3 балаға 50.000 теңге ғана төлеп отыр! Оны істеп беріп отырған адамның есімі Кунев Марлен!"деп жазды Нұрзат.
Желі қолданушылар чемпионның бұл әрекетін сынап "діни уағыз айтып, керемет мұсылман боп отырады ғой", "өз қанына ақшасын қимаған", "жігіт,еркек болыңдар деп жұртқа ақыл айтады ғой бұл", осындайларды чемпион атағынан айыру керек"дегенге саятын пікірлер жазуда.

