Alem пәтер жалдап жүргенін жасырмады

Alem пәтер жалдап жүргенін жасырмады

Танымал әнші Alem әлі күнге дейін пәтер жалдап жүргенін айтты. 

Өнер иесі бүгінде отбасын құрып, бір ұлдың әкесі. 

“Әлі күнге дейін пәтерім жоқ. Пәтер алатын мүмкіндік болды. Мен топаспын ол жағынан. Қаржылық сауат жоқ. Бізге 3-4 жыл алдын есепшот ашып қойыңдар, сосын жеңіл болады деп айтатын. Мен аштым, бірақ жинамай кеттім. Миы жоқ адамның тірлігі. Мен байып кетемін, қолма-қол ақшаға аламын деп ойладым. Құдды бір ертең көп ақша тауып, байып кететін секілдімін. Балалы болған соң енді түсініп жатырмын”, – деді әнші. 

Эстрада жұлдызының сөзінше, бүгінде ақша жинауға кіріскен. 

“Қазір Асанәлі деген концерттік директорым бар. 3 ән шығардым. Құдайға шүкір, жұмыс жүріп жатыр. "Асеке, той, корпоратив, 30 адамдық караоке, бәрін ала беріңіз" дедім. Ақырын-ақырын жұмыс пайда болып жатыр", – дейді әнші Айқап подкастына берген сұхбатында. 

Барлық жаңалықтар