Белгілі журналист Дастан Қастай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тіл мәселесіне қатысты ештеңе демеген, бұғып қалған, жағымпаз жазба жариялаған танымал тұлғалардың "қара тізімін" жасауды ұсынды деп жазады Democrat.kz.
Дастан Қастай парақшасында: "Қаңтардан кейінгі 2-саны жарық көретін “Қарабет” кітабының тізіміне кімдерді енгізу керек?Тізім жасап қоямыз ба? Жазсаңыздар…1. Елдос Сметов..."деген жазба жариялап, оқырмандарынан жалғастыруды сұрады.
Бұл жазбаға байланысты оқырмандары төмендегідей пікірлер жазып, өздерінің "қарабеттер тізіміндегі" есімдерді көрсетуде.
"Ана тілі туралы бір ауыз сөз айта алмаған,әлеуметтік желіге бір ауыз сөз жазып дәлелдей алмаған кез-келген депутат,әнші,әртіс,блогерсымақтар,спортшылар бәрін тізіп шығуға қарсы болмас едім!Еліміз үшін маңызды қолдау көрсетіп,бастарын көтеретін кезде неге үнсіз?! халықтың арқасында көтерілген,шалқып жүрген кейбір сымақтарымыз өз маскасын киіп өзгеріп шыға келді.Бәрі үнсіз!Нұрболхан Шарапов пен Серік Ибрагимовтан ғана байқадым жазғандарын...қалғанын әлі күтіп жүрміз...Старостамыз тіптен көрінбейді"
"49 жалпы білім беретін орта мектеп директоры"
"Патриотпын деп кеудесін қағатын, керек кезде жоғалып кеткен Нұрлан Қоянбаев"
"ДАУЛЕТ МУҚАЕВ"
"Ерлан Саиров"
"Бүкіл депутат"
"Спортшылар көбісі, мұғалімдер."