Алматыда өткен Дженифер Лопестің концертінен алған әсерімен бөліскен әнші Мадина Сәдуақасова елімізге осындай жұлдыздар келе берсін дейді деп жазады Democrat.kz.
"Сөзім жоқ! Бүгін Алматыны , орталық стадионды @jlo келіп шайқап кетті ! Сахнаға өте жақын тұрдым, әр мимикасын, ән айтқанда денесінің тітіркенуі, көзіне жас алып ән айтқаны бәрі бәрі анық көрінді, сезінді
@jlo өзінің жалындаған энергиясымен, биімен бүкіл стадионға келген адамдарды есінен тандырды !!! 4 жылдан кейін 60 қа келеді деп кім айтады ! Шикарная !!! Бір мін жоқ.
Ұйымдастырушыларға respect👍 @firstmediagroup ! Деңгей ұшты бүгін ! Барлық жағынан! Әлі алған әсерімнен шыға алмай жатырмын ! Осындай әлемдік деңгейдегі өнер иелері келе берсін елімізге!" Деп жазды Мадина Сәдуақасова.