Әлия мен Мәншүкті сахнада мазақ етті

Әлия мен Мәншүкті сахнада мазақ етті

Әлеуметтік желілерде Jaidarman Show бағдарламасында “әзілге” негізделген көріністен кейін үлкен дау туды деп жазады Democrat.kz. сайты  Stan.kz -ке сілтеме жасап.

Желіде тараған видеода өлім аузында жатқан Әлия Молдағұлова мен оның қолын ұстап отырған Мәншүк Мәметова бейнеленген. Көптеген қазақстандықтар бұл қойылымды Ұлы Отан соғысының қос батырының рухына жасалған құрметсіздік деп қабылдады.

“Сәтсіз әзіл”

Адвокат Мейірман Шекеев бұл роликті сынға алып, оны “арзан күлкі” деп атады. Ол мұндай мазмұндағы көріністің телеарнада көрсетіліп жатқанына таңданысын білдірді. Сондай-ақ үлкендерден бұл көріністі көрсетуге неліктен қарсы шықпағанын сұрады.

“Бұның бәрі ұлттық идеологияның жоқтығынан. Ұрпағымыздың өсі көрінісінен кейін соғыста жеңдік деп қалай айта аламыз. Бізде осы бұқаралық ақпарат құралдарын қадағалайтын органдар аспанға қарап отырғандай әсер қалдырады. Сондықтан да азаматтар өз білгенін істеп, қоғамда жауапкершіліксіз әрекеттер көбейіп жатыр. Ұрпағымыздың санасын улап, болашағымызды бұлыңғыр етіп жатыр”, – деді адвокат.

Сондай-ақ ол осылай жалғаса берсе, болашақта ұрпағымызды да, тіпті жеріміздің тұтастығын да қауіпке тігеріміз анық дейді. 

Барлық жаңалықтар