Әліппеде жазылған сөз үлкен дауға ұласты

Әліппеде жазылған сөз үлкен дауға ұласты

Тикток қолданушысы әліппедегі мәтінге қатысты ойын ортаға салғаны сол еді, желідегі жұрттың пікірі екіге жарылды, деп жазады Democrat.kz.


Видео авторы мәтіндегі  «Суғарады» деген сөзге шүйлігіп, мүмкін «суарады болар?» –  деп, көпшілікке сұрау салды. 
Бұдан соң  бейнежазбаның соңында бірі «суғарады дұрыс» десе, енді бірі «суарады» деген сөздің ақылға қонымды екенін айтып, пікір таластырды.

Арасында «Дұрысы – суарады. Себебі, етістіктің түбірі – суар. Жұрнақ қосылмай қазіргі шақта «суарады» деп жазылады. Ал «суғарады» түрі ауызекі сөлеуде кездесуі мүмкін, бірақ әдеби норма бойынша дұрыс емес», – деп түсіндіруге тырысқандар бар.

(Мақаланы ұрлап, көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар