Алла Пугачева жұрт білмейтін бүкіл шындықты жайып салды

Алла Пугачева жұрт білмейтін бүкіл шындықты жайып салды

Таяуда атақты әнші Алла Пугачева үш сағаттан астам уақыт сұхбат беріп, өміріндегі көп шындықтар туралы бүкпесіз айтты деп жазады Democrat.kz.

Өз сұхбатында Алла Пугачева осы күнге қалай жеткенін, бала күнінде көрген қиындықтары мен бақытты сәттерін еске алды. 

Алла Пугачева бес рет ресми некелескеніне қатысты "өмірімде екі рет шын ресми неке қидырдым. Ал қалған үшеуі "фиктивный некелер" еді" дейді. 

Ресейден кетуіне байланысты "Қашып кетті дейтіндей, Ресей түрме емес қой?! Бізді кетуге өздері итермеледі. Екі бауырлас елдің өзара соғысында үнсіз қалмай, мұның дұрыс емесін айтқанымыз үшін қысымға ұшырадық. Өкінбеймін. Атақ, марапат, мансапты емес, адами ар-ұятты таңдадым, өкінбеймін!" Деген Алла Пугачева "мен Отанымды емес, Отаным мені сатып кетті" деді.

"Бақыт дегеніміз алтын, күміс, байлық, вилла емес. Бақыт дегеніміз теңіздің толқынын, жапырақтың сыбдырын, күннің шуағын сүйіспеншілікпен көре білу" деген әнші өзін жамандап, қаралап жатқандардың ешбіріне өкпесі жоғын айтты. 

Барлық жаңалықтар