ТикТок әлеуметтік желісінде "Жансұлу Дархамбаева" деген атпен тіркелген аккаунттан видео-үндеу жасаған хиджабтағы келіншек Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа наразылығын айтып, ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.
Діндар келіншек хиджабының кесірінен тұрақты жұмыс істеп, жалақы ала алмай жүргендерін айтып: "Президент Тоқаев, сіз біз сияқты хиджабтағыларға қысым жасап отырсыз.
Қар ниқаб емес, кәдімгі орамал таққан, мен сияқты хиджба киген талай келіншек хиджабы үшін жұмыс істеп, ақша таба алмай, қарыздарын төлей алмай, қиналып отыр.
Күйеуіміз мешітке барып жұмыс істейін десе, ол жерде айлық аз. Несиелеріміз бен қарыздарымызды төлей алмай отырмыз.
Батқан қарыздарымыздың кесірінен о дүниеде тозаққа түсер болсақ, Алладан сізді де тозаққа жіберуді сұрайтын боламын", - деп мәлімдеді.