Қоғамдық жерде балағат сөз айтсаңыз, қасыңызда ешкім болмаса да жазалануыңыз мүмкін

 Қоғамдық жерде балағат сөз айтсаңыз, қасыңызда ешкім болмаса да жазалануыңыз мүмкін

Қазақстанда қоғамдық жерде балағат сөз қолдану үшін маңайда оны естіген адамның болуы міндетті емес. Егер әрекет камераға немесе басқа дәлелге тіркелсе, азаматқа 86 мың теңгеге жуық айыппұл салынып немесе әкімшілік қамау тағайындалуы мүмкін, деп жазады Democrat.kz.

Ішкі істер министрлігі қоғамдық орында әдепсіз сөз қолдануға қатысты талаптарды түсіндірді.

Әкімшілік кодекстің 434-бабы бойынша қоғамдық орында балағат сөз айту ұсақ бұзақылық ретінде саралануы мүмкін.

Қоғамдық орындарға көшелер, саябақтар, подъездер, қоғамдық көлік және адамдар ортақ пайдаланатын басқа аумақтар жатады.

ІІМ түсіндіруінше, құқықбұзушылықты тіркеу кезінде адамның жанында басқа адамдардың болуы міндетті емес.

Мысалы, әрекет бейнебақылау камерасына түссе және оның қоғамдық сипатта болғаны анықталса, жауапкершілік мәселесі қарастырылуы мүмкін.

Дәлел ретінде бейне немесе аудиожазба, куәгерлердің жауабы, азаматтардың арызы және полиция материалдары пайдаланылуы мүмкін.

Мұндай дәлелдер болмаған жағдайда әкімшілік іс қозғалмайды

Барлық жаңалықтар