Балағат сөз бар видео үшін жұмыстан қуылған дәрігер сот арқылы қайта оралды

 Балағат сөз бар видео үшін жұмыстан қуылған дәрігер сот арқылы қайта оралды

Қазақстанда әлеуметтік желіге балағат сөз қолданған видео жариялағаны үшін жұмыстан шығарылған дәрігер Кассациялық сотта жеңіске жетті. Сот жұмыс берушінің оның кәсіби талаптарға сәйкес келмейтінін дәлелдей алмағанын анықтап, дәрігерді қызметіне қайта орналастырды, деп жазады Democrat.kz.

Дәрігер мемлекеттік емханада 2023 жылдың тамызынан бастап жұмыс істеген.

2025 жылғы тамызда әлеуметтік желіге жариялаған видеоларында балағат сөз қолданғаннан кейін еңбек шарты бұзылған.

Жұмыс беруші оны кәсіби қызметке қойылатын талаптарға сәйкес келмейді деген негізбен жұмыстан шығарған.

Дәрігер сотқа жүгінгенімен, бірінші және апелляциялық инстанциялар жұмыс берушінің шешімін заңды деп таныған.

Алайда Кассациялық сот істі қайта қарап, жұмыс беруші дәрігердің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамағанын растайтын дәлел ұсынбағанын анықтады.

Керісінше, оның жұмысына қатысты басшылық тарапынан кәсіби шағым болмаған.

Нәтижесінде әйел қызметіне қайта орналастырылып, мәжбүрлі жұмыссыз жүрген кезең үшін жалақы өндіру туралы шешім шығарылды.

Барлық жаңалықтар