Алматы ботаникалық бағындағы елес жұртты қатты қорқытты

Алматы ботаникалық бағындағы елес жұртты қатты қорқытты

Алматының ботаникалық бағын аралап жүрген жігіттер қорқынышты жағдайға тап болды деп жазады Democrat.kz.

Түнделетіп Алматының ботаникалық бағында серуендеп жүрген жігіттер өзімен өзі тербеліп тұрған спорттық құрылғыны көріп, қатты шошыды.

Жігіттердің бірі қорқынышты жайтты бірден телефонына түсіріп үлгерген. 

"Мынау өзімен өзі шиқылдап, тербеліп тұр. Қатты қорықтық" дейді жігіттер. 

Әлеуметтік желіде жариялаған осы видео басқаларды да қорқытты. 

"Шайтандар спортпен айналысып жүр", "мен мұны күнде осылай тербеліп тұрғанын көрем", "студент қыздың жаны жай таппаған аруағы ол", "қарапайым физика ғой бұл", "үнемі осылай көрем", "лес қой"дегенге саятын пікір жазған жұрт бұл құбылысты күнде байқайтындарын айтуда. 

Барлық жаңалықтар