Алматы тауларындағы мұздықтан адам сүйегі табылды

Алматы тауларындағы мұздықтан адам сүйегі табылды

Алматының биік таулы аумағында туристер адам сүйектерін тауып алған. Алдын ала мәлімет бойынша, адамның денесі мұздықта ұзақ уақыт жатқан болуы мүмкін, деп жазады Democrat.kz⁠.

Ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған туристердің әңгімесінен кейін белгілі болды.

Беларусьтен келген саяхатшылар Алматы тауларында шамамен екі апта жүрген. Сапар кезінде олар Северцов мұздығында адамның сүйектеріне тап болғандарын айтқан.

Алдын ала болжам бойынша, мәйіт бұл аумақта біраз уақыттан бері жатқан болуы мүмкін.

Таулы және мұздық аймақтарда жоғалған адамдарды іздеу күрделі болғандықтан, табылған қалдықтардың кімге тиесілі екені арнайы сараптама арқылы анықталуы тиіс. 

Барлық жаңалықтар