Алматыда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін газ орнатпақшы

Алматыда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін газ орнатпақшы

Алматыда әлеуметтік осал санаттағы тұрғын үйлерді газдандыру бойынша ауқымды жобаны іске асуда. Бұл бастаманың мақсаты – өз күшімен газға қосыла алмайтын отбасыларға қауіпсіз, экологияға зияны аз және үнемді жылу ұсыну, деп жазады Democrat.kz.  BAQ.KZ

200 миллион теңге – 100 үйге жылу

Алматыда шамамен 100 жеке тұрғын үйді газға қосу көзделген. Жобаға Halyk қайырымдылық қоры 200 миллион теңгеге жуық қаражат бағыттады. Қазір 50 үйде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, жабдықтар орнатылды. Оның ішінен 42 үй газға қосылып, тұрғындар жаңа жүйенің жайлығын сезініп үлгерді. Қалған үйлер бойынша жұмыс кезең-кезеңімен жалғасып келеді.

Кімдер жылумен қамтылады?

Көмек алатын отбасылар тізімін Алматы қаласы әкімдігі жасайды. Жобаға көпбалалы отбасылар, жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектігі бар азаматтар және тұрмыс жағдайы ауыр өзге де жандар енгізілген. 

Әлеуметтік осал азаматтар үшін қажет барлық жабдық Halyk қорының есебінен орнатылады:

  • газ есептегіштер;
  • газ плитасы;
  • радиаторлар;
  • ішкі жылыту жүйесінің құбырлары мен қосымша техникалық жабдықтар;
  • монтаж және іске қосу жұмыстары.

Тұрғындар жабдыққа да, орнату жұмыстарына да ақша төлемейді. Олар үшін ең бастысы - құжаттарын рәсімдеу ғана. Қалған жұмыс жоба ұйымдастырушыларының мойнында. 

Неге газға көшу маңызды?

Бұл – жай ғана инженерлік жоба емес, адамдардың өмір сапасын түбегейлі жақсартуға бағытталған қадам. Біріншіден, жер үйді көмірмен жылыту үшін қырыуар ақша кетеді. Газға өткенде шығын едәуір азайып, отбасы бюджетіне түсетін салмақ азаяды. Ал бұл - табысы аз отбасы үшін – үлкен қолдау.

Екіншіден, көмір түтін, күйе, шаң шығарады, үйдің ішін де, қаланың ауасын да ластайды. Газда түтін жоқ, күйе жоқ, үйдің іші таза, қабырға мен жиһаз қарайып кетпейді. Бұл балалардың денсаулығы, қарттардың тынысы, жалпы қаланың экологиялық ахуалы үшін аса маңызды. 

Үшіншіден, пешке от жағу, көмір тасу, күл шығару – физикалық тұрғыдан ауыр жұмыс. Автоматты газ жылыту жүйесі болса, үй үнемі бірқалыпты жылы, температураны реттеу жеңіл, қарт адамдар мен мүгедектігі бар жандар үшін де анағұрлым қауіпсіз әрі қолайлы.

Осылайша, жоба бір мезетте екі міндетті орындайды: әлеуметтік тұрғыдан мұқтаж жандардың тұрмысын жеңілдетеді, экологиялық тұрғыдан Алматының ауасын тазартуға үлес қосады.

Біз халықтың базалық қажеттіліктерін шешуге бағытталған әлеуметтік жобалар жүзеге асырып келеді. Газға қосылу – маңызды инфрақұрылымдық мәселе. Алматылық отбасылардың үйін жылытуға үлес қосу - біз үшін де үлкен жауапкершілік әрі құрмет", - деді Halyk қорының басқарушы директоры Нариман Әбілшайықов.

Барлық жаңалықтар