Алматыда "Алланың аты жазылған" ерекше мектеп ашылды

Алматыда "Алланың аты жазылған" ерекше мектеп ашылды

ТикТок желісінде тараған видеода Алматыда "ерекше мектеп" бары айтылады деп жазады Democrat.kz.

"Бұл араб елдері емес, бұл Ұлыбритания емес, бұл Қазақстан. 

Бұл мемлекеттің ерекше болуының себебі мынадай ерекше мектебінің болуында. 

Мына ерекше мектептің оң жағында Алланың есімі, сол жағында сүйікті пайғамбарымыздың есімі, жоғары жағында қазақтың байрағы бар" деген тиктокер алдағы уақытта әрбір мектепте пайғамбардың аты жазылатын болса, қазақтың құндылығын дәріптейтін  діни сабақтар оқытылуы керек екенін айтты. 

"Әрбір мектепте пайғамбар туралы айтылып, діни сабақтар өткізілуі керек. Сонда балаларымыз ішпейді, қыздарымыз ашық киінбейді" деген тиктокер министрлікке осындай ұсыныс жасады. 

Барлық жаңалықтар