Алматыдағы танымал түнгі клубтардың бірінің аспазы ас мәзіріне есірткі «қосып» сатқан жерінен ұсталды, деп жазады Democrat.kz. Qazaqtoday-ге сілтеме жасап.
Полиция департаменті арнайы іс-шара барысында танымал мекеменің асхана қызметкерін қолға түсірді. Белгілі болғандай, ер адам есірткі саудасын тікелей жұмыс орнында ұйымдастырып келген.
Жеке тінту кезінде одан психотроптық заттар мен өсімдік тектес есірткі табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция мекемеге заңсыз заттарды жеткізу арналарын анықтау бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.