Тиктокер Қанат Алматы қаласындағы түсініксіз ескерткішке қатысты сұрау салып, "кімнің басы" екенін алматылықтар анықтай алмай жатыр деп жазады Democrat.kz.
"Алматының Назарбаев-Әл Фараби даңғылы қиылысында мына дәу басты кім салды? Кімнің басы бұл? Алыстан жаман көрінеді екен? Алмасити, Шаңырақ ықшамаудандарындағы жолды жөндемей, мына басты салып қойғаны несі? Түк жарасып тұрған жоқ" дейді тиктокер.
Қанаттың бұл видеосына қатысты жұрт "бұл - атаңның басы ғой", "бұл бастың ішіне артық миларын салатын шығар", "әкімнің мамасының басы шығар", "кімге не жетпесе, соны салады ғой", "Кенесарының басын алдырдық дейді, күте тұр", "бір жемқордың басы шығар" деген пікір жазуда.