Америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопестің Алматыда өтетін концертіне байланысты қалада бірқатар көшелерде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Democrat.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, 10 тамызда келесі жол учаскелері уақытша жабылады:
- Байтұрсынов көшесі – Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін,
- Сәтбаев көшесі – Сейфуллин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін,
- Абай даңғылы – Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін.
Аталған шектеулер Орталық стадионда өтетін концертке байланысты енгізілмек. Әлемдік деңгейдегі жұлдыздың шоуы сағат 19:00-де басталады.
Іс-шараға 29 елден қонақтар қатысады деп күтілуде. Қала тұрғындары мен қонақтарына жол қозғалысы кезінде алдын ала маршрут жоспарлауға кеңес беріледі.