Алматыдағы Солтүстік айналма жолында үш көлік қатысқан жол апаты болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry қарсы бағытқа шығып, Chevrolet көлігімен соқтығысқан, кейін Chevrolet жүк көлігіне барып соғылған, деп жазады Democrat.kz.
Жол апаты 20 қыркүйек күні сағат 20:52 шамасында Алматының Жетісу ауданында болған.
Қалалық полицияның алдын ала дерегі бойынша, Toyota Camry жүргізушісі Солтүстік айналма жолымен қозғалып келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шыққан.
Ол Chevrolet автокөлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін Chevrolet инерциямен Volvo жүк көлігіне барып соғылған.
Жол апатынан бірнеше адам медициналық көмекке жүгінді.
Оқиғаның нақты себептері мен жүргізушілердің жауапкершілігі полиция жүргізетін тексеруден кейін анықталады.