Алматыда қытай қаптады: Әкім Дархан Сатыбалдыға қытайлар үйір ме, не пәле?

Алматыда қытай қаптады: Әкім Дархан Сатыбалдыға қытайлар үйір ме, не пәле?
 
Алматыға Дархан Сатыбалды әкім болғалы қалада қытаизация күшейді, «Көк базарда» қытай компаниялары мен зауыттарының дүңгіршектері қаптап кетті деп жазады Democrat.kz. сайты журналист Ораз Әлімбековтің жазбасына сілтеме жасап.
 
"Маңдайшадағы атауы мен жарнамасына қарап Қазақстанда емес, Қытайда жүргендей сезінеді екенсің. Кейбір дүкенде тауардың атауы мен құрамы қытайша жазылған (суреттерді қараңыз).
 
«Көк базардағы» қытаизация қазақстандықтардың кіші кәсіпкерлігін тұншықтырып, қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайын нашарлатып жатыр. «Көк базардағы» қазақстандық саудагерлердің наразылығы бұған дейін болған.
 
Қазір де саудагерлердің тағы бір жойқын наразылық митингісі «пісіп-жетіліп» келе жатқан сияқты. «Көк базардағы» ахуал соны меңзейді.
 
Алматы маңындағы үлкен қоймаларды да қытай компаниялары басқаруға алған. Олар қазақтың ұлттық валютасын - теңгені менсінбейді, зат сақтағаның үшін аренданы доллармен немесе юаньмен есептесуді талап етеді.
 
Бұл да қазақстандық саудагерлер мен кәсіпкерлердің ішкі наразылығын күшейтіп жатыр.
Дархан Сатыбалды Түркістан облысына әкім болғанда инвестицияны желеулетіп, Қытай компанияларымен оңды-солды келісім жасап, өңірге қытайларды қаптатып жіберіп еді.
 
Соның кесіріне аймақ тұрғындары дәстүрлі кәсібінен, жайылымдық жерінен айырылды. Мысалы, «Ли Хуа» компаниясы Отырар ауданында 30 мың гектарға мақта егіп жүр.
 
Бұл компания Дархан Сатыбалды Түркістан облысына әкім болғанда инвестор болып келген. Енді сол компания Сауран ауданының жайылымдық жеріне ауыз салыпты. Осы мәселе бойынша, өткен аптада ауыл тұрғындары наразылыққа шықты.
 
Түркістан облысына осындай «із» қалдырған Дархан Сатыбалды Алматыға әкім болғалы қалада қытаизация күшейді. Сонда дейім дә, қытайлар Дархан Сатыбалдының соңынан еріп жүретін болған ба?!..
Мұны Ақорда біле ме екен..."деп жазды Ораз Әлімбеков.
Барлық жаңалықтар