«Алматыда тағы екі рет жер сілкінеді»: Көріпкел сұмдық мәлімдеме жасады

«Алматыда тағы екі рет жер сілкінеді»: Көріпкел сұмдық мәлімдеме жасады

Көріпкел Ақгүл Есетқызы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Алматыда тағы екі жер сілкінісі болатынын айтып, жұрт назарын аударды. Ол бұған дейін жасаған болжамдары үшін көпшіліктің айыптауына ұшырағанын да жасырмады, деп жазады Democrat.kz.

Ақгүл Есетқызының айтуынша, болашаққа қатысты көргендерін көпшілікке жеткізу оңай емес. Өйткені адамдар оның сөздерін әртүрлі қабылдап, тіпті болған табиғи апаттарға өзін кінәлаған көрінеді.

«Халықтан көргеніңді айтуға қорқасың. Халық сені өлтіріп тастайды. Мен жақында Алматыда жер сілкінісі болатынын алдын ала айтқан болатынмын. Жер сілкінісі болғаннан кейін адамдар маған: “Сенің кесірің, сенің кінәң”, – деді. Мен барып жер сілкінісін жасағандай қарайды», – деді ол.

Көріпкел мұндай болжамдарды айтпай қалудың өзі үшін ауыр екенін жеткізген.

«Маған көрініп тұр, мен оны айтуым керек. Айтпасам, түнде қиналамын. Менің күйеуім түнде қалай қиналатынымды талай көрген», – деді Ақгүл Есетқызы.

Алайда сұхбаттағы ең көп назар аудартатын тұс – оның алдағы табиғи құбылыстарға қатысты мәлімдемесі.

«Менің айтып жүргенім – айсбергтің ұшы ғана. Айтсам, ақтаулықтар көтере алмайды. Олар бізде тау болса ғана жер сілкінісі болады деп ойлайды. Алматыда тағы бір ірі және бір кішігірім жер сілкінісі болады. Оңтүстік Қазақстанға қуаңшылық келе жатыр», – деді көріпкел.

Дегенмен Ақгүл Есетқызы бұл болжамдардың нақты қай уақытта жүзеге асатынын айтпаған.

Айта кетейік, көріпкелдің сөздері ғылыми болжам немесе сейсмологиялық мекемелердің ресми ескертуі болып саналмайды. Қазіргі ғылым жер сілкінісінің нақты күнін, уақытын және күшін алдын ала сенімді түрде болжай алмайды.

Барлық жаңалықтар