Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласындағы құрылыс саласындағы ірі қылмыстық схеманың бетін ашты деп жазады Democrat.kz.
Прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2021 ж. бастап бір топ тұлға қалалық «Қалалық қала құрылысы бақылау басқармасы» (ГАСК) қызметкерлерімен астыртын байланыс орнатып, 400-ден астам компанияға құрылыс лицензияларын заңсыз алып берген.
Қылмыстық топ компанияларда іс жүзінде жоқ арнайы техникалар мен білікті инженерлік мамандар туралы жалған құжаттар жасап, оларды «Е-лицензиялау» жүйесіне кедергісіз енгізіп отырған.
Осындай айла-шарғының арқасында тиісті талаптарға сай келмейтін мекемелер сәулет және құрылыс саласындағы ең жоғарғы бірінші санаттағы лицензияларға ие болған. Ұйымдастырушылар әрбір заңсыз қызметі үшін 2 млн 5 млн теңгеге дейін сыйақы алып, жүйелі түрде пайда тауып келген.
Бұл атышулы іс қоғамда үлкен резонанс тудырды, себебі заңсыздықтар белең алған уақыт аралығы Алматы қаласының екі әкімінің қызметтік кезеңіне тұспа-тұс келеді.
Атап айтқанда, 2021 ж. бастап қаланы Бақытжан Сағынтаев (2019 маусым – 2022 қаңтар) басқарса, кейін оның орнын басқан Ерболат Досаев 2025 ж. мамырына дейін әкімдік тізгінін ұстады.
Желідегі ақпараттық арналар, соның ішінде «ПИСЬМА ПРЕЗИДЕНТУ» телеграм арнасы, бұл жүйелі жемқорлықтың екі әкімнің де тұсында кедергісіз жалғасқанына назар аударуда.
Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тінту жұмыстарын жүргізіп, заттай айғақтарды тәркіледі.
Тергеу амалдары жалғасуда, ал бұл жағдай сейсмикалық қауіпті аймақтағы құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты үлкен күмән мен алаңдаушылық туғызып отыр.