Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында Алматыны «ұйықтамайтын қалаға» айналдыруды тапсырғанын мәлімдеді. Президенттің айтуынша, бұл бастама арқылы ол оңтүстік астананы ірі, заманауи мегаполис ретінде көргісі келеді, деп жазады Democrat.kz.
Президент сондай-ақ CNN Travel нұсқасы бойынша Алматы 2025 жылы Орталық Азияның «жаңа стиль астанасы» атанғанын еске салды.
«Әкімге Алматыны Нью-Йорк, Мәскеу, Париж секілді «ешқашан ұйықтамайтын», тәулік бойы қонақтарының игілігі үшін жұмыс істейтін қалаға айналдыруды тапсырдым. Мұнда атқарылатын жұмыс көп — инфрақұрылым, абаттандыру, жарықтандыру мәселелері бар», - деді Тоқаев.