"Алматының қақ ортасында мешіт жоқ" деген діндар Баян Алагөзоваға алақан жайды

"Алматының қақ ортасында мешіт жоқ" деген діндар Баян Алагөзоваға алақан жайды
Біраз уақыттан бері дүмшелер мен радикалдардың "басты кейіпкеріне" айналған танымал продюсер Баян Алагөзоваға әлеуметтік желіде діндар жігіт ұсыныс айтты деп жазады Democrat.kz.
 
Threads желісін қолданушы Бақытжан Байпатшаұлы: "Алматының “алтын шаршысында” (золотой квадрат) мешіт жоқ деуге болады. Ең жақын мешіттер Орталық мешіт пен Байкен мешіті. Меніңше осы аумаққа бірнеше мешіт керек.
 
Турсен Алагузов ағамыз бен Баян Алагузова апайымыз Алматы мұсылмандарына арнап, осы Алтын шаршының ішінен өздерінің алтын сарайына ұқсас алтындай бір зәулім мешіт салып берсе, екі дүниенің қуанышына бөленіп, сансыз сауапқа кенелер еді!", деп ұсыныс жасап, жазба жариялады. 
 
Бұл жазбаны қолдаушылардан гөрі "алақан жая бермей, өздерің салып алңдар", "мешіттің орнына мектеп салсын", "ақымақтың сөзін айтпашы" дегенге саятын пікірлер жазуда жұрт.
Барлық жаңалықтар