Алтынай Жорабаеваның жаңа дене бітімі қызу талқыға түсті

Алтынай Жорабаеваның жаңа дене бітімі қызу талқыға түсті

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева артық салмақ тастап, қызу талқыға түсті. 

 

Өнер иесіне әлі күнге дейін қатты арықтап кеткенін сынап жазатындар бар екен.

“Көзіңді неге олай істегенсің? Түріңе не болып кеткен? Бұрынғы қалпың әдемі еді ғой" деп мені 20 жыл бұрынғы Алтынаймен салыстырады. Жандарым-ау, мен 50 жасқа жақындадым ғой. 37 келі салмақ тастаған адаммын. Әрине, терім салбырайды. Жайлап жаттығулар жасап жатырмын, нәтижесі болар. Әлде семіріп, былшиып жүре берейін бе? Маған артық салмақ ыңғайсыздық тудырады. Кімге жағады ол?! Ешкімге! Денсаулыққа өте зиян. Мүмкін салбыраған терімді тартып тастармын, кім біледі?", – деді әнші.

Айта кетейік, өнер иесі декретте отырып, артық салмақ жинап алғанын жасырмаған еді.

“Алтынай қыздарыңыз 96 келіден 75 келіге түсті. Аллаға шүкір! Мақсатым – 60 келі болу. Алла денсаулық берсін!”, – деп жазды әнші.

Stan.kz
Барлық жаңалықтар