Алтынай Жорабаеваның қазіргі күйеуінің тойға неге қатыспағаны белгілі болды

Алтынай Жорабаеваның қазіргі күйеуінің тойға неге қатыспағаны белгілі болды

Әнші Алтынай Жорабаеваның тұңғыш қызын ұзату тойынан жарияланған видеолар әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр деп жазады Democrat.kz.

Өнер иесі қуанышты күннен түсірілген кадрларды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, бес қызына ақ тілегін арнады.

«Бес қызым, әрдайым бір-біріңе сүйеніш болып, қуаныштарың ортақ, жүректерің мейірімге толы болсын. Достықтарың уақыт өткен сайын нығайып, әрқайсыңның өмірлеріңе береке, бақыт, денсаулық пен мол ризық нәсіп етсін. Алла тағала барлық армандарыңа жеткізіп, жүздеріңнен күлкі, жүректеріңнен тыныштық кетірмесін. Әрдайым аман болып, бір-біріңе тірек болып жүріңдер», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Алтынай Жорабаеваны қуанышты оқиғамен құттықтап, ізгі тілектерін жаудырды. Сонымен қатар, көпшілік тойға қатысты түрлі пікір білдіріп, отбасы мүшелерінің қатысуына да назар аударды.

Желі қолданушылардың бірі Алтынай Жорабаеваның қазіргі күйеуі Әлішердің бұл тойға неге қатыспағанын айтып қалды. "Алишердің (екінші күйеуі) бауыры қайтыс болғанына бір жыл өтпеген, сондықтан қатыса алмайтынын айтып түсіндірді!!! Бірақ осы тойдың шығынын бәрін сол Алишер істеп жатқанын айтты!!!! Өзі де Алишермен, қызы да бақытты болсын"деп жазды желі қолданушы. 

 

Threads платформасындағы пікірлердің бірінде: «Үшінші, төртінші қыздары әкесіне ұқсайды екен. Айгүл Иманбаеваның ұлы келмеген бе? Ең үлкен ағалары ғой. Алтынайға Алла күш-қуат берсін. Қыздарын ешкімнен кем қылмай өсіріп, осындай күнге жеткізді»,«Қызы тегі қап қара екен», – деген жазба жарияланды.

Барлық жаңалықтар