«Amanat» партиясы білім саласын реттеуге білек сыбана кірісті

«Amanat» партиясы білім саласын реттеуге білек сыбана кірісті

«Amanat» партиясының фракциясы мектептегі білім сапасын көтеру жолында бірқатар ұсыныстарды қарауды сұрады, деп жазады Democrat.kz.

Мәжіліс мінберінде көтерілген мәселеде алда атқарылуға тиіс мынадай жұмыстар тізбегі ұсынылды: 
– Мұғалімдердің кәсіби дамуын жаңа сапалық деңгейге көтеру және біліктілік арттыру орталықтарына нәтиже үшін жауапкершілік тетігін бекіту; 
– Аттестациямен жұмысқа қабылдау рәсімін қайта қарап, мұғалімнің практикалық шеберлігін бағалайтын кезең енгізу; 
– Білім сапасын бағалауда кешенді әрі әділ көрсеткіштер жүйесін енгізу, сондай-ақ білім сапасын тәуелсіз бағалайтын ұлттық зерттеу институтын құру; 
– Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуға бағытталған нақты индикаторлар мен қаржылық тетіктерді бекіту.(Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар