Амандық Баталовқа қатысты жағымсыз ақпарат тарады

Амандық Баталовқа қатысты жағымсыз ақпарат тарады

Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовқа қатысты тағы бір жайт белгілі болды деп жазады Democrat.kz.

Бұл туралы NEGE.KZЕ сайты ақпарат таратты.

"Естеріңізде болса, өткен жылдың соңында талдықорғандық келіншек Қарлығаш (белгілі себептермен есімі өзгертілді – ред.) NEGE-ге сұхбат беріп, Алматы облысының экс-әкімі Амандық Баталовтан бала тапқанын, бірақ бұрынғы әкім алиментті дұрыс төлемей жүргенін мәлімдеген болатын. Бұл іске қатысты жуырда тағы бір жайт белгілі болды.

Кейіпкерімізге қызының әкесі Амандық Баталов екенін дәлелдеу үшін 1,5 жыл уақыт кеткен. 2022 жылы сот Баталовты қыздың әкесі деп танып, алимент төлеуге міндеттейді.

Бірақ Баталов қазір 171 мың теңге алатын зейнеткер ретінде қызына 42500 теңге төлейді екен. Алайда Қарлығаштың айтуынша, экс-шенеуніктің есепшотында миллиардтар айналып жатқан көрінеді. «Баталов 42 500 теңгеден артық ақша төлегісі келмей, табысын жасырып жүр», – дейді ол.

Биылғы жылдың 17 шілдесінде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық соты арызданушы Қарлығаштың талап арызын қанағаттандырып, жеке сот орындаушысының қарызды анықтаудан бас тарту туралы қаулысын бұзған.

Мәселе былай: 2024 жылы 25 қаңтарда борышкер А.Баталовтың екінші деңгейлі банктегі есепшотына 85 млн теңге, 15 сәуірде 447 млн теңге түскен. «Халық банктің» дерегіне қарағанда, 2024 жылы 15 сәуірде борышкер бір есепшоттан екіншісіне 85 млн теңге аударған. «Forte Bank» есебінше, 25 қаңтарда А.Баталовтың шотына Бағда Баталова (А.Баталовтың жұбайы – ред.) 447 млн теңгені «күйеуім Амандық Ғаббасұлы Баталовқа қайтарымсыз көмек» деген мақсатпен аударған. Осылайша Баталовтың шотына миллиондаған теңге «қайтарымсыз көмек» түскен. Егер бұл қаржы А.Баталовтың табысы болса, заңды қызының еншісін беруі керек қой? Алайда жеке сот орындаушы Н.Жаданов қарызды анықтау туралы арызды қанағаттандырудан бас тартады. Міне, осы қаулыны 17 шілдеде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық соты бұзды" деп жазады сайттың әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Барлық жаңалықтар