Қоғам белсендісі Құрал Сейітханұлы әмеңгерлік жолды заңдастыру керек екенін айтты деп жазады Democrat.kz.
”Тоқал алатын заман тарихтың қойнауына кеткен. Қазіргі заман тоқал алатын уақыт емес. Себебі қазір ер мен ұрғашының саны теңескен заман. Баяғы Алқакөл Сұламаның кезіндегідей ұрғашының саны еркектен 5-6 есе көп емес.
Қазір ары кетсе әмеңгерлік жолмен ғана екінші рет үйленуге болар? Себебі бұл біздің бабалар жолы. Осы әмеңгерлік жолды заңдастырса қолдар едім" деп жазды қоғам белсендісі.