Америкада тұратын қазақтың әуесқой дзюдошысы ауыр жарақат алды

Америкада тұратын қазақтың әуесқой дзюдошысы ауыр жарақат алды

Америкада тұратын отандасымыз, дзюдодан әуесқой спортшы Жасұлан Жұмағали ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті, деп мәлімдейді Democrat.kz Azattyq Rýhy  сілтеме жасап

Бұл туралы жазған актер Нұртас Адамб.ай дзюдошының жарыстардың бірінде мойын омыртқасын үзіп алғанын айтты.

«Құрметті достар, сіздерге жүрегіміз қан жылай отырып, көмек сұрап жазып отырмыз. Жасұлан жақында өткен жарыста ауыр зардап шекті. Оның мойын омыртқасы үзіліп, жедел операция жасалды. Қазіргі уақытта оның денесі ештеңе сезбейді. Аяқ-қолы ісіп кеткен. Алда ол ұзақ оңалудан өтеді. Мақсатымыз бауырымыздың аяққа тұрып кетуіне көмектесу. Жасұлан ардақты әке, қолына қарап отырған кішкентай балалары бар. Бұл трагедия оның отбасына қатты ауыр тиді», - деп жазды ол.

Спортшымен жеке таныс Нұртас Адамбай Жасұланның үнемі адамдарға көмектесіп жүретін, ақжарқын жігіт екенін айтады. 

Ол АҚШ-та тұрып жатқан отбасыға қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырды. Жасұланға көмектескісі келген азаматтар мына нөмір арқылы оның туған ағасы Ерлан Жұмағалиға ақша аудара алады: +7 778 112 5658

 

Барлық жаңалықтар