"Анасы мен баласы үйленбек": Қазақ жігіт пен әйелдің әрекеті жаға ұстатты

"Анасы мен баласы үйленбек": Қазақ жігіт пен әйелдің әрекеті жаға ұстатты

ТикТок әлеуметтік желісінде қазақ жігіт пен үлкен жастағы қазақ әйелдің видеосы жұрттың жағасын ұстатты деп жазады Democrat.kz.

"Той болады скоро" деген жазбамен видео жариялаған Astana001 атымен тіркелген жігіттің әрекеттері қызу талқыға түсті. 

Өзі жас жігіттің үлкен жастағы әйелмен бірнеше видеосын  "сүйіктіме тикток түсіруді үйретіп жатырмын", "скоро той", "бұл кісі мамам емес" деген жазбалармен жариялады. 

Әлеуметтік желіде бұл жігітті танитындар "бұлар мамасы мен баласы. Мен бұларды танимын" деп пікір жазуда. 

Жігіт пен келіншектің бұл әрекеті жұртқа жаға ұстатты. "Масқара, сұмдық!" Дегенге саятын пікір көптеп жазылуда. 

Кейбіреулер түсінбей таңданысуда. Қалжың болар дейін десе, біраз уақыт бұрын ғана жігіттің жанындағы келіншек тікелей эфирде жылап, жас жігітімен ренжісіп қалғанын айтқан екен. Кейінірек қайта табысқан болуы керек, бірге түскен видеоларын қайта жариялай бастаған. 

Барлық жаңалықтар