Өнер жұлдызы Ердос Қанаев әлеуметтік желіде бір видео бөлісіп, жұрттың ықыласына бөленді деп жазады Democrat.kz.
"Мен емес, жүрегім ғой Анашымды көтеріп жүргенім.
Мүмкін емес...
Мүмкін емес, анамның маған жасаған жақсылығын бір арқама көтерумен қайтару. Бірақ, менікі анамның ақ сүтін ақтауға деген ниетім. Алланың разылығын алсам деген ниетім.
Менің үстімдегі кішкентай ғана Жанға біздің үйде тек мен ғана емес, әкем де қызметінде.
«Әкем анашыма айрықша адалдық көрсететін еді. Бірде анашым қатты ауырып, отаға мұқтаж болған сәтте әкем қасына келіп, дұға жасап:
– Алла өміріңді ұзақ әрі берекелі етсін, біздің басымыздан жоғары болып жүре беруді нәсіп қылсын. Сенің жасаған жақсылықтарыңның шегі жоқ, – деді де, тауларды селт еткізгендей қатты жылады. Бұл мен үшін адалдықты үйретер естен шықпас сабақ болды" деп жазды Ердос Қанаев.