Анасын таппай жүрген  Жәнібек жайлы ән жарыққа шықты

Анасын таппай жүрген  Жәнібек  жайлы ән жарыққа шықты

Ақын сазгер Марита Қабижанқызы Қазақстанға туған анасын іздеп келген Жәнібекке ән арнады, деп жазады Democrat.kz.

Автордың туындысы алыста жатқан Жәнібекке де жеткен. Бұл жөнінде Қабижанқызының өзі: «Осы әнімнің шыққанын көріп, Жәнібекке Қазақстандағы достары звондапты: "Про тебя песню сочинили" – деп. Көп адамдарға арнау әндер шығардым. Бірақ, менің жекеме шығып, рақметін айтқан осы Жәнібек қана», – деді. 

«Текті балла Эдди Жан» атты әнді нақышында шырқаған – Азат Ысқақ есімді әнші. 
Жан тебірентерлік жолдардан тұратын туындыға баға бергендер қатары аз емес.

«Керемет екен! Көзіме жас алдым, баланы аяп кеттім. Алла-ау, анасы табылсыншы!», «Мынадай ән тудырған жүрегіңізден айналдым. Жан тебірентер ән екен, бір жылап алдым. Жүз жасаңыз, айтарыңыз, жазарыңыз таусымасын» деп тілек білдірді тыңдарман ән авторына. 

Айта кетейік, бельгиялық отбасы асырап алған Эдди Жанның құжат бойынша қойылған  есімі  – Жәнібек. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз, көшіріп басатын сайтты заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

 

Барлық жаңалықтар