Әнші Ақбота-Нұр жартылай жалаңаш жүрген суретін жариялады

Әнші Ақбота-Нұр жартылай жалаңаш жүрген суретін жариялады

Белгілі актриса Ақбота Нұрабайқызы түсірілім кезіндегі ерекше сәтін көпшілікпен бөлісті.

Әлеуметтік желіге жарияланған видеода актриса әріптесі Берік Айтжановпен бірге бассейнде жүргені көрінеді.

«Артқы сахнаның бір көрінісін бөліскім келеді... Күздің салқын суығына қарамастан, бассейнде түсірілім өтті. Мұндай сәттерде дене тоңып, сан алуан күй кешсек те, рөлге бойлап, кейіпкердің жан дүниесін көрерменге айна-қатесіз жеткізуге тырысып бақтық. Шынайы кәсібилік дәл осындай шақтарда сыналады, жағдай талдамай, ыңғайсыздықты елемей, бар жан-тәніңмен образға ену – нағыз шеберліктің белгісі. Себебі өнердің құдіреті тек жайлы сахнада емес, ең қиын сәттерде де талап етілген қойылымды жүректілікпен жеткізе алуыңда! «Үйлену оңай…» – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары бұл көрініске түрлі пікір қалдырды. Бірі актрисаның түрік жұлдызы Хандэ Эрчилге ұқсайтынын айтса, енді бірі кәсібилігіне тәнті болғанын жеткізді. Ал кейбірі әзіл аралас пікір білдіріп, Берік Айтжановты «бар сұлуды құшағына алған бақытты әртіс» деп қалжыңдады.

Барлық жаңалықтар